СОТТЫ ҚҰРМЕТТЕУШІЛІК ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

0

Жеке тұлға немесе заңды тұлға өкілі және сот процесіне қатысушы басқа да тұлғалар сот процесі барысында тек ата Заңымыз Конституцияға қолданыстағы заңдарға сүйене отырып шығарады.

Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сондай-ақ сотты құрметтемеушілік жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптары бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.
ҚР ӘҚбтК-нің 653 бабында көзделген әкімшілік жаза, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) – ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеу фактісі анық көрініс берген жағдайда төрағалық етуші оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда , сотты құрметтемеу фактісі анықталғаны туралы сот процесі барысында жариялайды және кінәлі адамнан Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 410 бабы сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген, сотты құрметтемеу әрекеттер үшін — бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады
Судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол іс-әрекет үшін- екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

А.ОРУМБАЕВ, Қордай аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы

Leave A Reply

Your email address will not be published.