СОТТЫЛЫҚТЫҢ БОЛУЫ НЕМЕСЕ БОЛМАУЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

0

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы туралы анықтама азаматтарға талап қою орны бойынша, сондай-ақ оқу, жұмыс немесе іссапармен шетелге шығуға, тұрғылықты орналасуға ықтиярхат алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға, оны қалпына келтіру немесе одан шығу мүмкіндігін не мүмкін еместігін шешу кезінде визаны ресімдеуге қажет.

Анықтаманы алу үшін:

Бірінші қадам: egov.kz порталына немесе eGov mobile мобильді қосымшасына өтіңіз.

Екінші қадам: Электрондық цифрлық қолтаңба немесе телефон нөміріңізге келетін бір реттік құпия сөз арқылы өз сұрауыңызға қол қойыңыз.

Үшінші қадам: Жеке кабинетіңізде қол жетімді анықтаманы күтіңіз.

Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты 10 минуттан 5 жұмыс күніне дейін екенін ескертеміз.

Анықтаманы электронды түрде «EgovKzBot» тelegram-боттың көмегімен де алуға болады.

Назар аударыңыз! Еgov.kz порталында «бір өтініш» қағидаты бойынша шетелге шығу үшін апостиль қойылған қағаз түрінде соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алуға өтініш беруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.