СПОРТ – БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ

0

Гвардейск гарнизонында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында спорттық іс-шара өтті.

Құрлық әскерлеріне қарасты оқу орталығы басшылығының ұйымдастыруымен гарнизондағы спорт кешенінде әйелдер арасында волейболдан жарыс ойыны өтті. Шараға гарнизондағы барлық әскери бөлімдер қатысты. Онда әр әскери бөлімнен әйелдер командасы құрылып, ойын көрсетті.
Мереке қарсаңында өткен спорттық шарадағы командалардың мақсаты 30212 әскери бөлімі командирінің ауыспалы кубогын жеңіп алу болатын. Ойын барысында қатысушы командалар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жақсы ойын көрсете білді. Бұл шара жыл сайын дәстүрге айналғанын айта кеткен жөн. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, 30212 әскери бөлімінің «Сұнқар» командасы бірінші орынды жеңіп алса, 21450 әскери бөлімінің «Танкішілер» командасы екінші орын алды. Ал үшінші орынды 15632 әскери бөлімінің «Жігер» командасы иеленді. Шара соңында жеңімпаз командаларға ауыспалы кубогы, медальдар, грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
– Жыл сайын мерекелерге арналған спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Міне бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әйелдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Қатысушы командалар белсенділік танытып жақсы ойын көрсетті. Әділ қазылар ойынды мұқият бақылап, әділ бағаларын берді. Жеңімпаз командалар анықталып, әскери бөлім командирінің ауыспалы кубогы мен медальдар, грамоталар және сыйлықтар табыс етілді, – дейді спорт кешенінің бастығы капитан Қанат Абсалямов.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.