Үлкен Сұлутөр ауылында көптен күткен спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл — ауыл тұрғындарының көтерген өзекті мәселелерінің бірі ретінде аудан басшылығының назарында болған жоба.
Бұған дейін аудан әкімі Бегзат Болатбеков арнайы жұмыс сапарымен ауылға барып, жергілікті халықпен кездесу барысында спорттық нысанның қажеттілігі туралы өтініштерді тыңдаған еді.
Нәтижесінде қазіргі таңда құрылыс жұмыстары ресми түрде қолға алынып, оны «Қаратау құрылыс – 2030» мердігер мекемесі жүзеге асыруда.
Жоба аясында заманауи талаптарға сай, ауыл тұрғындары үшін қолжетімді және ыңғайлы спорттық инфрақұрылым салу жоспарланған.
Аталған бастама ауыл жастарының дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуына, бұқаралық спорттың дамуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретіні сөзсіз.