Степной ауылының тұрғындары да елеулі саяси шарадан тыс қалмады

0

Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған референдум учаскесіне келіп жатқан жергілікті халықтың саны сағат санап артып келеді. Ауыл тұрғындары елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда өз дауыстарын беруге үлкен жауапкершілікпен қарауда.
Өз азаматтық борышын орындауға келгендердің бірі – ауыл тұрғыны Аршад Ибрагим. Ол әр азамат өз дауысын беру арқылы мемлекеттің дамуына ықпал ете алатынын айтты.
“Біз, ауыл тұрғындары, елдегі өзгерістерге белсенді атсалысқымыз келеді. Әр дауыс – маңызды. Бүгінгі таңдауымыз ертеңгі күнімізге әсер ететінін түсінеміз, сондықтан бұл референдумға қатысу – біздің парызымыз, – деді Аршад Ибрагим.

Айта кетейік, референдум учаскесінде сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған: ашық әрі әділ дауыс беру үдерісін қамтамасыз ету мақсатында бақылаушылар жұмыс істеп жатыр. Ауыл тұрғындарының белсенділігі Степной халқының ел болашағына бей-жай қарамайтынын және саяси процестерге қатысуды маңызды деп санайтынын көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.