Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз. Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.
Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар. Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз.Тыйым салынған жерде шомылмаңыз.
Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Жүзу кезінде телефонды, допты, тақтайшаларды жағаға тастап кеткен жөн. Суда шолжаңдауға жол бермеңіз.
Жалған дабыл бермеңіз. Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз. Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз. Таныс емес жерде сүңгімеңіз. Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, ағынсулар мен шалшық суларда шомылу қауіпті. Себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
Егер сіз қайықпен жүрген болсаңыз:
Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз. Жүзуге құтқарушы және су төгетін құралдарсыз шықпаңыз. Қайыққа ережеде бекітілгеннен өзге артық жолаушылар мен жүктерді алмаңыз. Мас күйіңізде қайықпен қыдырмаңыз. Қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз. Бір орыннан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан басқа жүзетін нәрсеге ауысып отырмаңыз. Қайықтан суға сүңгімеңіз. Жүзетін құралдарды қараңғы түсісімен пайдаланбаңыз. Үлкендер бірге болмаса, 14 жасқа дейінгі балалардың жүзгіш құралдарды пайдалануына тыйым салынады.
Б.Әпілбек, Қордай ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты