СУ ҚОЙМАСЫНАН АҚАУ АНЫҚТАЛДЫ

0

Масаншы ауылдық округінде орналасқан «Қарақоңыз»  су қоймасынан ақау анықталды. Нысанға Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков дереу барып, жағдаймен танысып қайтты.

 

Әкіммен бірге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері мен су шаруашылығы саласының мамандары да оқиға орнында болды.

Тексеру барысында су қоймасының су шығару арнасында жарық пайда болғаны белгілі болды.

Әкім мәселенің мән-жайына толық қанығып, жағдайдың күрделілігін атап өтті.

  — Бұл өте маңызды мәселе. Мұндай жағдайда сақтық шараларын күшейтіп, нысанды үнемі бақылауда ұстау қажет   — деді Бегзат Сейсенқұлұлы.

Сондай — ақ, Бегзат Болатбеков тез арада заңдылығын қарастырып, шұғыл шешім қабылдау қажеттігіне тоқталды.

«Қарақоңыз» су қоймасы шамамен 40 жыл бұрын салынған. Жобалық сыйымдылығы 8,45 миллион текше  метр.  Аудан басшысы ауылдық округ әкіміне және су шаруашылығы мамандарына нысанды жүйелі түрде қадағалап, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар тиісті органдарға ресми хат жолдап,  қажетті шығын көлемін есептеуді жүктеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.