Жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір азаматтың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесіп, түсіндіру және алдын алу мақсатында ақпараттық іс-шара ұйымдастырды.
Аталған іс-шара аясында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары бойынша нұсқаулықтар беріліп, тұрғындарға арнайы әзірленген ақпараттық бүктемелер таратылды.
Іс-шара барысында мамандар рұқсат етілмеген аумақтарда шомылмау, балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жалпы тәртіп ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Шараның басты мақсаты – жаз мезгілінде орын алуы мүмкін оқыс оқиғалардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Алдағы уақытта «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды сақтыққа шақыратын ақпараттық-насихат жұмыстары жалғасын табатын болады.