СУ ДА ТІЛСІЗ ЖАУ!

0

Жазғы кезеңде суға шомылу маусымында барлық адамдар, тіпті кішкентай балалар демалады, ойын ойнайды, суға шомылады, неше түрлі қызық ойындар ойнап суға түседі. Бірақ есте сақтап жүру керек, суға шомылу – отпен ойнаумен бірдей! Сондықтан суға түсу маусымында өзіндік қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керек! Тіпті өзіне ғана емес, басқа біреуге де көмектесуге дайын болу керек.

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ:

— Ең маңыздысы – суда жүзуді жақсылап үйреніңіз.

— Егер де сіз дұрыс жүзу білмесеңіз – суға түсу баллондарына және үрлемелі матрастарға сенбеңіз.

Үрей – бұл ең басты судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі болып табылады. Ешқашанда үрейге салынбаңыз.

Судағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері:

— Суға түскенде, жақын арада адамдар болуы керек.

— Егер жүзе алмасаңыз, терең жерлерге бармаңыз.

— Бейтаныс жерлерде суға түспеңіз.

— Суда қауіп – қатерге әкелетін ойындар ойнамаңыз.

— Егер де сіз жүзу білмесеңіз, үрлемелі матрастар мен суға түсу баллондарымен жүзуге болмайды.

— Бөренелерде, тақтайларда, қолдан жасалған жүзу құралдарында жүзбеуге тырысыңыз.

— Егер сіз қайықпен серуендеуді шешсеңіз – қауіпсіздік ережелерін үйреніп алғаныңыз жөн – себебі бұл жағдай өз мүмкіндіктерінізді дұрыс басқаруға және қолдануға мүмкіндік береді.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ 101 НЕМЕСЕ 112 – ГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗДАР!

Leave A Reply

Your email address will not be published.