Қоғамымыздың барлық саласына дендеп өршіп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Ел Президенті Касым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында мемлекеттің қызмет жүйесіне түбегейлі өзгеріс кажет екенін айтқан болатын.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген. Олар – ниет, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану. Нормалары заң бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау.
Еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің парасаты, ар-ожданы және кәсібилігіне байланысты.
«Біздің міндет – халыққа қызмет» деген ұран аясында, елге адалдықпен, абыроймен қызмет етуіміз керек. Демек, адамдар арасында осы қызмет туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптастыра алуымыз қажет.
Қордай аудандық тіркеу және жер кадастры бойынша филиалы Әдеп кодексінің талаптарын сақтау үнемі назарда ұсталады. Жоспарланған іс- шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүресте мемлекеттік органдармен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ғ.Скендрұлы,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай
ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы