СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТОҚТАМАЙДЫ

0

Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. БҰҰ Бас хатшысы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық елдің даму процесіне апатты әсерін тигізеді, өйткені мектептерге, ауруханаларға және басқа да өмірлік маңызды мемлекеттік құрылымдарға арналған қаражат тиісті жерлерге жіберілудің орнына қылмыскерлердің немесе арам шенеуніктердің қолына түседі. Сыбайлас жемқорлық зорлық пен тұрақсыздықты арттырады. Бұл мемлекеттік институттар мен тұтастай үкіметтің көңілін қалдыруы, халықтың ашуын келтіруі және тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін» деген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, оның ішінде келесі міндеттерді шешуге бағытталған шараларды қамтиды:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау мен жазалаудың тиімділігін арттыру;
  • сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде қоғамдық қабылдаудан бас тартуға жағдай жасау.

 

Жалпы, бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауылдық округі аумағында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ. Ауыл тұрғындары көп шоғырланатын орындарға (яғни, дүкен, ауылдық дәрігерлік амбулатория, кітапхана, мектеп және де басқа ғимараттарға) сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда хабараласатын call-орталықтың номерлері жазылған брошюраларды және жоғарыда аталған тақырыпқа сай билбордтарды ілу жұмыстары жүргізілген.

 

Жамбыл ауылдық округі

әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.