Құрметті Қордай ауданының тұрғындары! Сіздерді 15 тамыз күні сағат 10:00 де аудандық Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық Ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ” көшпелі кеңес беру алаңына шақырады.
Сіздер: заңгер, сот орындаушы, адвокат, әділет департаменті,
антикор департаменті, адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінің Жамбыл облысы бойынша өкілі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Аманат» партиясы, аудандық қоғамдық кеңесі, “Әділдік жолы” РҚБ ЖОФ арнайы топ мүшелерінен тегін консультативті құқықтық-ақпараттық кеңес ала аласыз!