«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара филиалдың ұйымдастыруымен қауіпсіздік жөніндегі уәкілдің қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстел Мемлекеттік корпорацияның 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды. Шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, ашықтық пен айқындық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру бағытындағы негізгі мәселелер талқыланды. Адалдыққа, әділдікке және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
«Ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бір реттік шара емес, бұл тұрақты және жүйелі жұмыс. Біздің міндет – тек процестердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету ғана емес, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін сезінуі мен сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілігін қалыптастыру», – деп атап өтті филиалда.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады.
Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық фактілері анықталған жағдайда ақпаратты compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына немесе 1414 нөміріне хабарлауға болады.