Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл – мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, әлеуметтік-экономикалық дамуына қауіп төндіретін фактор. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», — деді мемлекет басшысы.
Қазақстан Республикасының заңнама-ларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшы тараптан жалған қорытынды шығару т.б. атауға болады.
Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысымен бекітілген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтер электрондық түрде көрсетіледі, бұл қызмет алушының қызмет берушімен байланысын қысқартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға әсерін тигізуде.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында барлық мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының филиалынан жыл сайын мемлекеттік қызметшілер біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүйелі жүргізілуде.
Дегенмен, жемқорлықтың жолын кесу бойынша жұмыстар әлі де жалғаса береді. Өйткені қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білген жөн.
Г.КУЛЖАМБЕКОВА, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚРМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық бөлімшесі басшысы