Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әр азаматтың міндеті

0

Қазақстан бүгінгі таңда экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрған кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың алдын-алу және оған қарсы күресті күшейту өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Болашақта біздің ұрпағымыз қандай мемлекетте өмір сүретіні заң орындаушы әрбір Қазақстан азаматын ойландыратыны анық. Олар болашақта Қазақстанды парақорлыққа және сыбайластыққа малынған мемлекет ретінде емес, гүлденген және ілгері жылжыған мемлекет ретінде көргілері келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жетістіктерге сыбайластықтың қай түрі болмасын пайда болуына бұқаралық топтардың атсалысуы жағдайында ғана жетуге болады. Өйткені сыбайластық тек “алушының” ғана емес “берушініңде” өзекті мәселесі. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім жетіспейді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болған жөн.

Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді.

Мемлекеттік орган мен мекеменің лауазымды адамдарының Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі шегінен шыққан әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті органына, прокуратура органдарына немесе сотқа шағым беруге болатынын ауданымыздың әрбір азаматы есте сақтағаны жөн.

А.Орумбаев, Қордай аудандық соты әкімшісінің аға сот приставы

Leave A Reply

Your email address will not be published.