Сыбайлас жемқорлықпен күресу — әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы

0

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу.
Бүгінгі таңда мемлекет ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында ең басты назарды экономикалық даму процестердің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қоғамдағы осы бір дерттің алдын-алуға аударып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу яғни, оның себептері мен шарттарын болдырмауға ықпал жасау керектігін ескерген жөн. Осы мақсатта Қордай аудандық сотында Мемлекет басшысы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға, сот қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге баса назар аударылып отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осы соттың қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресуді мақсат етудеміз.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерінің бірі. Онымен тиімді күрес жүргізу барлық мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының төл міндеті болуға тиіс. Сонда ғана, яғни жұмыла жұмыс істегенде ғана нәтижеге қол жеткіземіз.
Мемлекеттік органдар қызметкері, яғни әр мемлекеттік қызметші алдында тұрған міндеттерін адал және нақты атқарумен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға, оның алдын алуға атсалысуды парызы ұстағаны абзал.

С. ЧАРИПБЕКОВА,
Қордай аудандық сотының бас
маманы, сот отырысының хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.