СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Сейсенбі күні аудандық қазынашылық басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік бюджетті орындау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қаржыны басқару кезінде сапаны жақсарту тақырыбында  семинар-кеңес өтті.

 

Іс-шараның мақсаты – қаржы жылының соңғы айларында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және ықтимал бұзушылықтарды болдырмау. Семинарға республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты.

Қордай аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Шахадат Нұртаев іс-шараны ашып, қазынашылық басқарманың атқарып жүрген жұмысы жайлы баяндады.

Атап өтсек, аудандық қазынашылық басқармасы 66 клиентке қызмет көрседі, олардың ішінде, 62 мемлекеттік мекеме, 1 мемлекеттік сатып алу субектісі, 3 квазимемлекеттік субектілер. 2024 жылдың 9 айында қазынашылық органдарымен барлығы 50347 қаржылық құжат қабылданып, олардың 1906-сында немесе 3,8% әртүрлі бұзушылықтары анықталып, қазынашылық органдарынмен қайтарылған. Бұл көрсеткіш бюджет қаражатын сапалы, уақытылы және тиімді игерілуіне кері әсерін тигізеді.

Қазынашылық басқармасында қызмет алатын мемлекеттік мекемелерге 62 немесе 100% «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесімен қызмет көрсетіліп, электронды цифрлық қолтаңба арқылы қол қою құқығы бар тұлғалармен электронды түрде қол қойылған қаржылық құжаттар қабылданады. Осыған байланысты, бюджетті игеру кезінде тәуекелдері болдырмау мақсатында 2025 жылдан бастап «Биометриялық идентификациялау» технологиясын енгізу жоспарланып отыр.

Жиында Шахадат Нұртаев «Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді немесе ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылдың 31 тамызындағы №208 қаулысына сәйкес, 2024 жылдың 11 қарашасынан бастап қазынашылық ақпараттық жүйелерін ISO 20022 халықаралық стандартына көшіру жоспарланғанын атап өтті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.