Жақында Сарыбұлақ ауыл-дық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясының қолдауымен Ұлттық мұра жобасы аясында «Сырласайық кел жеңгей» атты қайын сіңілілер мен жеңгелердің арасында байқау өтті.
Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамытуға бағытталған сайысқа 5 жұп қатысты.
Қатысушылар 4 кезең бойынша сайысқа түсті, атап айтар болсақ: «Сәлемменен басталар сөз атасы», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы», «Жеңгесі бар қандай-ды», «Сырласайық, кел жеңгей» деп аталды.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды жеңгесі Ақбөпе, қайын сіңілісі Қали Диана, ll орынды жеңгесі Алауатдинова Гүлжанат, қайын сіңілісі Мешітбай Кәусар, lll орынды жеңгесі Амангүл, қайын сіңілісі Ғафуова Феруза жеңіп алды. Жеңімпаздар«AMANAT» партиясының арнайы сыйлықтармен марапатталса, сонымен қатар өзге де қатысушыларға партия атынан ынталандыру сыйлықтары берілді.