8 қаңтарда аудандық полиция бөлімі мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі қызметкерлерінің қатысуымен түнгі ойын-сауық мекемелерінде жасөспірімдерге қатысты заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында рейдтік шаралар өткізілді.
Негізгі назар жасөспірімдердің түнгі ойын-сауық орындарына және басқа да мекемелерге кіруін болдырмауға бағытталды, себебі мұндай орындарда алкогольді ішімдіктер мен түнгі ойын-сауықтар олардың денсаулығына және психоэмоционалдық жағдайына зиян тигізуі мүмкін.
Рейдтер барысында келушілердің құжаттары тексеріліп, алкоголь мен басқа да тыйым салынған заттарды сатуға қатысты заң талаптарының сақталуы қадағаланды.
Құқық қорғау органдары түнгі көпшілік мекемелердің иелеріне заңды қатаң сақтауды талап етіп, барлық жастағы азаматтар, әсіресе жастар үшін қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын еске салды.