Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

0

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.
Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналуда.
Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалаларда мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
— Көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер.
— Термос, қол шамы, қуат банкі.
— Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
— Қысқы киім (ересектер мен балалар үшін, маңызды — заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбыр жамылғысы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.
Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.
Қордай ауданы бойынша волонтерлік жұмысты «Ахыска» этно-мәдени бірлестігінің басшысы Камила ДУРГАЛОВА қолға алған. Тел.: +7 701 707 6448.

Leave A Reply

Your email address will not be published.