Жақында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақсана Елеусізова және Қордай аудандық Мансап орталығының директоры Саламат Көпешов аудан тұрғындарына халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.
Қабылдау барысында 3 азамат жеке оңалту бағдарламасы аясында тиісті құралдарымен қамтамасыз етілді, 1 азаматқа газ кіргізу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 2 азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш тастау бойынша ұсыныс берілді, 4 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алып, 3 азамат сұхбаттасуға жолданды.
Сонымен қатар, еңбекші көшіп келуші азаматтарды жеке қосалқы шаруашылығына жұмысқа тартқан жұмыс берушілерге электрондық еңбек шарттарын енгізу мәселесі туралы түсіндіру
жұмыстары жүргізілді.