Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы “Еркін Пікір” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінде «Тұғыры биік туған ел» атты облыстық пікірсайыс додасы өтті.
Додаға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған пікірсайысшылар қатысты. Іс-шараның мақсаты азаматтық жауапкершілігі зор, интеллекті жоғары, рухани жан дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады. Дода нәтижесі бойынша 1-орынды Байзақ ауданы «Фемида» фракциясы, 2-орынды Тараз қаласы «Гарвард» фракциясы жеңіп алып, жүлделі 3-орынға «Жүректен Жүрекке» фракциясы тұрақтады. Сонымен қатар, біздің ауданның «Домалақ ана» фракциясы «Үздік талпыныс», Еенғали Жанайым «Үздік спикер», Балнұр Жанысбай «Үздік төреші» номинациялары бойынша марапатталды.