«ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

0

Тұрғын үй көмегі –аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және тұрғын үйді жалға алу шығындарының бір бөлігін өтеу.

Тұрғын үй көмегін алуға кімнің құқығы бар?

Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға беріледі, ал тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және тұрғын үйді жалға алуға арналған шығыстар (егер ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынса) өңірде белгіленген шекті мөлшерден асып кетсе, онда бұл көмек беріледі.

Тұрғын үй көмегін өзінің жалғыз тұрғын үйінде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған азаматтар ала алады.

Кім аз қамтылған деп есептеледі?

Бір тұрғын үйде тұратын және отбасының барлық табысына шаққандағы тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге немесе (мемлекеттік қордан жалға алған жағдайда) баспананы жалдауға жұмсайтын нақты шығындары, мәслихаттар белгілеген шекті деңгейден (яғни 5%-дық отбасы табысы дейін) асып кететін отбасылар аз қамтамасыз етілген деп есептеледі.

Көмек алудың негізгі шарттары:

Тiркеу және тұру: көмек тек тұрақты тiркелген және нақты тұрған жерi бойынша ғана көрсетiледi.

Тұрғын үй: көмек тек бір тұрғын үй-жайы бар отбасыларға беріледі. Азаматтар өздерінің жалғыз тұрғын үйінде тұруы немесе оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуы тиіс.

Тағайындау басының қандай табыс түрлері есепке алынады?

Отбасының табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі. Кірістің барлық түрі есепке алынады: жалақы, жәрдемақы, алимент, бизнестен түсетін кіріс, жалға алу, бағалы қағаздар, сыйға тарту және т.б.

Тағайындау кезеңі:

Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға (3 айға) беріледі. Осы мерзім аяқталған соң қайтадан өтініш беріп, табыс пен шығынды растап отыру қажет. Мемлекеттік қызметті қайта алу мүмкіндігі қарастырылған.

Коммуналдық қызметтер кімге өтеледі? Қандай коммуналдық қызметтер өтеп беріледі?

Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға келесі шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған:

  • коммуналдық қызметтер: су, жарық, жылу, газ;
  • тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау;
  • байланыс қызметтері (мысалы, телефон үшін абоненттік төлем);
  • мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысы.

Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады?

Өтініш беру екі тәсілмен жүзеге асырылады:

  1. eGov.kz порталы арқылы (қызмет атауы «Тұрғын үй көмегін тағайындау»).
  2. Тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығын (ХҚКО).

Тұрғын үй көмегін рәсімдеу үшін мыналар қажет:

  • Жеке куәлік;
  • Өтініш берер алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттар;
  • Алдыңғы тоқсандағы коммуналдық қызметтер (жылу, су, жарық, газ және т.б.) және де тұрғын үйді күтіп-ұстау мен күрделі жөндеуге төленген түбіртектер;
  • байланыс қызметтерінің (телефон және т.б.) түбіртектері немесе келісімшарттары;
  • Егер баспана мемлекеттік қордан жалға алынған болса – жалға алу шарты және төлем мөлшері көрсетілген құжат;
  • Банктік есепшот нөмері (IBAN).

Басқа сұрақтар бойынша Қордай ауданы, Төле би 53 мекен-жайы немесе 4-94-24 номері бойынша, Қордай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қайырылуыңызға болады.

А.ЕЛЕУСІЗОВА, бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.