«ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

0

Тұрғын үй көмегі – Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ жолдаушыларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үйді коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындармен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол берілетін шекті деңгейі арасындағы айырманы өтеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасының жиынтық табысындағы рұқсат етілген шекті шығыстардың үлесі  5 (бес) пайызды құрайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының қандай табысы есепке алынады?

Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептеу кезеңінде алған кірістердің барлық түрлері ескертіледі.

Қандай коммуналдық қызметтерді өтеуге болады?

Тұрғын үй мынадай қызметтерді қамтиды:

  • коммуналдық қызметтерді тұтыну (газ, жарық, су);
  • телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абонентік төлемді арттыру бөлігінде байланыс қызметтері;
  • мемлекеттік тұрғын үй қорынын тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану бойынша қызметтер.
  • жергілікті жылыту бар қатты отынды тұтыну бойынша қызметтер (бір жылуту маусымына бір отбасына (азаматқа) 5 (бес) таннадан аспайтын мөлшерде белгіленген)

Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады?

Аз қамтылған отбасына (азаматқа) тұрғын үй  көмегін тағайындауға (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхаты бар өкіліне) тоқсанына бір рет Мемлектттік коорпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.

Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, өтініш берушінің жеке басын күәндыратын құжат;

отбасыныі табысын растайтын құжаттар;

Жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

алимен және басқа асырауындағы адамдар туралы мәлеметтер;

банк шоты;

коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттры (газ, жарық, телефон, су)

Кез келген сұрақтарыңыз бойынша Қордай ауданы Төле би к., 49 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе 2-10-03 телефонына хабарлассаңыз болады.

А.Елеусізова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының  міндетін атқарушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.