Тұрғын үй секторында орын алған өрттердің шығуына көп жағдайда электр құралдары мен қондырғыларын қолданудағы өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы, пештің ақауы мен оны қолданудағы абайсыздық, балалардың отпен ойыны, мас күйінде темекі шегу және т.б. әсер еткен.
Өрт талдауы бойынша тұрмыстағы өрт көбінесе тұрмысы нашар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларында кездеседі, осыған орай басқарма қызметкерлері соңғы жылдары қала сыртындағы саяжайларды тұрғылықты мекен-жайларына айналдырған тұрғындар арасында кездесулер, жиындар өткізуден бастады. Оларға өрт қауіпсіздігі жөнінде жаднамалар, буклеттер таратылып, арнайы газ, электршаруашылықтары және полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер ұйымдастырылуда.
Жылда балалардың ойынынан шыққан өрт саны да жиі кездеседі және оның басым көпшілігі тұрғын үйлерде орын алған. Ең бір алаңдатарлық жағдай, ол осы өрттердің салдарынан балалар жарақат, күйік алып, арты орны толмас қайғылы оқиғаға да әкеліп жатады. Осыған орай, өрт қауіпсіздігі айлығы барысында негізгі үгіт-насихат жұмысы мектеп, балабақша және орта оқу орындарында жүргілуде. Атап айтсақ, жақында Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің ұйымдастырумен Шуда кездесу болып өтті. Онда қызметкерлер студенттердің алдында облыс көлемінде орын алған өрттер жайында, оның себептері жөнінде қысқаша айтып, оның алдын алу шараларына тоқталып өтті. «Өрт сенің досың және қасың» атты бейнефильм студенттерге көп әсерін тигізді. Олар өздерін қызықтырған өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтарға толық жауап алды. Тағы бір іс-шара Қазақ-түрік лицейінде болып өтті. Бұл жолы қызметкерлері өрт сөндірушілермен бірге лицей ғимаратында оқу-жаттығу өткізді. Онда ТЖ орын алған жағдайда студенттер мен қызметкерлерді нысаннан қауіпсіз жерге көшіру, зардап шеккендерді құтқару және т.б. іс-шараларды іс-жүзінде көрсетілді.
Бұл бағытта жұмыс облыс көлемінде әлі жалғасуда. Құрметті облыс тұрғындары, қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтап оны орындау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз. «Өрт – тілсіз жау» екенін естен шығармаған жөн!
Қордай аудандық ТЖБ аға инженері А.Спандияр