Тұрғын үйден шығару туралы дау медиациямен шешілді

0

Қордай  аудандық сотымен  талап қоюшы М.-ның жауапкер Е.-ге тұрғын үйден шығару туралы  талап қою арызы бойынша  азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, талап қоюшы М. жұбайымен бірге Қордай ауданы Отар ауылында орналасқан жер учаскесінде тұрғын үй мен техникалық қызмет көрсетуге арналған тұрғын емес үй-жай салған.

2022 жылдың қыркүйек айында жұбайы қайтыс болған соң, үш кәмелетке толмаған баласы мұраны қабылдаған. Алайда іс жүзінде даулы мүлікті мұра қалдырушының туысы – жауапкер Е. өз отбасы мүшелерімен иемденіп, қолдануда.

Талап қоюшының дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу әрекеттері жауапкер тарапынан елеусіз қалдырылған. Осыған орай талап қоюшы кәмелетке толмаған мұрагерлердің мүддесі үшін, сотқа жауапкерді шығару туралы талабымен жүгінді.

Істі сотқа дайындау барысында татуластырушы-судьямен татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары мен салдарын түсіндіру нәтижесінде, тараптар медиативтік келісімге қол жеткізді.

Сотпен бекітілген келісімнің шарттары бойынша, жауапкер 2023 жылдың 30 желтоқсанына дейін ерікті түрде тұрғын үйден шығуға және ТЖО тұрғын емес үй-жайын босатуға міндеттенді. Ал талап қоюшы талабынан бас тартты.

Іс өндірісімен қысқартылды, мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қордай аудандық соты

Leave A Reply

Your email address will not be published.