2024 жылдың 6 қазанына тағайындалған республикалық референдумның өтетін орны мен жері туралы сайлаушыларды хабардар ету мақсатында, шақырту парағын тарату жұмыстары жүргізілуде. QR код белгісі көрсетілген шақырту парағы әр сайлаушыға табысталады. Сол QR код белгісі арқылы республикалық референдум жайлы қосымша ақпарат алсаңыздар болады.