ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

0

Сындарлы диалог жүргізуге, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беруге дайын, қоғамда шешім қабылдау үдерісіне қатысатын ашық мемлекет құру – тұрақты дамудың негізі.

Сондықтан да елімізде мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы қарым-қатынасты түрлендіру үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жасалды. Міне, шенеуніктер тыңдап, құлақ асып қана қоймай, көпжақты талқылау арқылы азаматтардың мүддесін қорғап, оңтайлы шешімге келуге әрекет етуде.

Осылайша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және тұрғындармен тығыз байланысты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Бегзат Болатбеков апта сайын аудан тұрғындарымен жеке кездесулер өткізуде. Халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өз тиімділігін көрсетті. Бұл шара азаматтарды толғандырып жүрген мәселелерді қысқа мерзімде нақтылап, шешу жолдарын табуға көмектеседі.

5 шілде күні аудан әкімі 6 азаматты қабылдады. Қабылдауға аудан әкімдігінің бөлім басшылары да қатысты. Ауыл тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, т.б. мәселелерді алға тартты. Барлық өтініштер бақылауда болатыны анық. Кейбір мәселелер сол жерде шешіліп, мұқият зерделеуді қажет ететіндері бойынша тиісті бөлімдерге тапсырма берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.