ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

0

Жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі – ел азаматтарымен тұрақты байланыс орнату, сол арқылы қоғамдағы және тұрғындардың күнделікті тіршілігіндегі түйткілді мәселелерге ден қоя отырып, олардың шешу жолдарын қарастыру екені белгілі. Бұл тұрғыда аудан әкімінің қоғамдық қабылдауларының берер пайдасы мол.

Жұма күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков «Аманат» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау жүргізді. Айта кетсек, бұл күні қабылдауға бес азамат жазылған болатын. Аудан басшысына көкейтесті сұрақтарын арқалап келген азаматтардың сұрақтарының басым бөлігі шешімін тапқанын да атап өткен жөн. Жеке басының базынасын айта келгендерге аудан басшысы Заң аясында мәселенің мән-жайы анықталатынын, ешбір сұрақтың жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

Мәселен, бір азамат құрылыс жүргізіп жатқан кәсіпкерге шағымданып, оның арызы бойынша заңсыз құрылыс жүргізген кәсіпкерге тиісті шара қолданылатын болады. Ал, жұмыс сұрап келген азаматшаға «Мансап» орталығының филиалы арқылы еңбек электрондық  биржасындағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, материалдық көмек сұрап келгендер де болды. Бұл мәселеге аудан әкімі демеушілер арқылы көмек көрсету бойынша тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.