ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

0

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жаңа Қазақстан» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамаларының өзектілігі күн сайын
артуда. Халықты мазалайтын сұрақтардан хабардар болу мақсатында тоқсан сайын аудан әкімінің халықпен кездесулері өтеді. Мұндай кездесулер барысында тұрғындарды мазалаған көптеген мәселелердің шешімі де табылып
жатады.
Өткен бейсенбі күні Степной ауылдық округінің тұрғындары көтерген проблемамен танысу мақсатында аудан әкімі Мәден Мұсаев жұмыс сапарымен аталмыш ауылға ат басын бұрды.
Бірінші кезекте аудан басшысы Степной ауылының саябақ мәселесіне назар аударды. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін орталық саябақты тұрақты түрде суғару мәселесі көтерілген болатын. Шын мәнінде бұл проблема бар және жергілікті билік ол жөнінде хабардар. Ауылдық округ әкімінің айтуынша, бұл мәселені шешу бойынша жоспар бар екен. Демек, жақын арада Степной ауылының орталық саябағының келбеті жақсы жаққа қарай өзгереді деген үміт бар. Суару жұмыстары, жас тал-дарақтар отырғызу мәселелері қарқын алса орталық саябақтың ажары ашыла түсері сөзсіз.
Осыдан кейін Мәден Тоқтарбайұлы су шаруашылығының өкілдерімен бірге егістіктерді суғару жұмысының барысымен танысты. Онда бірқатар кемшін тұстар анықталып, аудан әкімі Мәден Мұсаев бұл мәселені мұқият зерделеп, қысқа мерзімде кемшіліктерді жою бойынша жауапты мамандарға тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.