Тұрақты жұмыс, тегін кеңес

0

17 қаңтар күні Қордай ауданы бойынша мансап орталығы тарапынан жұмыссыз азаматтарға арналған  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 45 мекемеден түскен 121 тұрақты жұмыс орындары  ұсынылды. Оның ішінде: білім саласы бойынша 47 бос жұмыс орны, денсаулық сақтау бойынша 15, әртүрлі жұмыстарға 53 ,  экономика саласы бойынша 5, заңгер мамандығы бойынша 1 жұмыс орны ұсынылды.  

Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 40-тан астам азаматтың ішінен     8  азамат тұрақты жұмысқа жолданды, ақылы қоғамдық жұмысқа 17 азамат, жастар практикасына 2 азамат жолданды және  барлық жұмыссыз азаматтар  бос жұмыс орындарымен танысты.  Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары  түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқудың, «Бастау бизнес» жобасы  аясында кәсіпкерлік негіздерін оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары  туралы тиісті ақпарат алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.