ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

0

Құрметті қордайлықтар!

Православ христиандарын және барлық жерлестерді мерейлі мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Қазақстанда атап өтілетін Рождество және басқа да діни мерекелер біздің өмірімізге рухани байлық, толеранттылық әкеледі. Осы күндері адамның жүрегі ең ізгі сезімдерге толып, мұқтаждарға көмектесуге, жақын жандарға қуаныш сыйлап, қамқорлық жасауға деген ықылас оянады.

Халық бірлігі, татулығы біздің еліміздегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, еліміздің қарқынды дамуына септігін тигізуде.

Осы жарқын мерекеде баршаңызға мол бақыт, шаттық пен берке, мықты денсаулық тілеймін.

Нұрдин САДЫҚОВ, аудандық мәслихат төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.