Жазатайым оқиға кез-келген жерде орын алуы мүмкін. Сіздің үйіңіз ең қауіпсіз орын болып көрінгенімен, үйде (пәтерде) әртүрлі тұрмыстық құралдар, жабдықтар, жанғыш сұйықтықтар және жылу көздері бар. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған кезде көптеген қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін.
МҮМКІН БОЛАТЫН ҚАУІПТЕР:
Балалардың қолында сіріңке қалса;
оты қосулы тұрған плитада табақты ұмыт қалдырсаңыз;
жанғыш сұйықтықтары мен химикаттары бар ыдыстарды қалдырсаңыз;
өшірілмеген темекі тұқылы;
электр тұрмыстық аспаптарда электршнурларды оқшаулау тозған (бүлінген)болса;
ыдыс кептіргіш плитаның үстінде орнатылған болса;
розетка мен сым жылу көзі болып табылатын құралдың жанында орналасса;
электр шамдары матамен немесе қағазбен жабылған болса;
нысандардағы перделер газ немесе электр плитасына жақын орналасқан жағдайда;
қосулы күйде қараусыз қалдырылған электр құралдары;
бала розетканы металл затпен айналдырса;
Өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» телефондарына хабарлаңыз. Өрт туралы хабар берген кезде:
Ненің жанып жатқанын (пәтер, шатыр, жертөле, тұрғын үй немесе басқа) және мүмкіндігінше шамамен өрттің алаңын;
мекен- жайыңызды (елді мекен, көше атауы, үй, пәтер нөмірі);
өз тегіңізді, телефон нөміріңізді;
адамдардың, жануарлардың өміріне, сондай-ақ көрші ғимараттарға қауіп бар ма, деген сұрақтарға жауап беруіңіз қажет.
ПӘТЕРДЕГІ ӨРТ
Тұрғын секторда өрттер жиі орын алады. Тұрғын үйде өрт болған кезде:
Егер өрт электр құралынан басталса немесе сым жанса, электр қуатын өшіріңіз. Жанып жатқан құралды сумен емес, қалың көрпемен жабыңыз.
Егер перделер немесе сүлгілер жанса, қолды дымқыл сүлгімен орап, отты шүберекпен сөндіріңіз. Асүйдегі аздаған өртті жарма, тұз немесе кір жуғыш ұнтақ арқылы жоюға болады .
Егер сізде үй телефоны болмаса, апат сигналын терезеден немесе балконнан беруге болады. Мүмкіндігінше тез арада жанып жатқан бөлмеден кетіңіз. Егер бұл мүмкін болмаса, күйдіргіш түтінге жол бермеу үшін, есікті дымқыл матамен тығыздаңыз.
Егер кіретін есікке жол отпен және түтінмен кесілсе, балконға шығыңыз. Балкон есігін міндетті түрде жабыңыз. Төменгі қабатқа балкон люктерінің көмегімен немесе көрші балкон арқылы өтуге болады.
Есіңізде болсын: өрт кезінде түтін оттан емес, тұншықтырудан едәуір қауіпті. Түтіндеу аймағы арқылы эвакуациялау кезінде сулы мұрын орамал немесе дымқыл мата арқылы тыныс алу қажет.
НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ
Арқандар, жайма және су ағатын құбырлар арқылы төмен түсу өте қауіпті. Оның үстіне терезеден секіруге болмайды.
Желіге қосылған электр құралдарын сумен сөндіру.
Түтіндеген бөлмеде тігінен жүру: түтін әрқашан бөлменің немесе ғимараттың жоғарғы жағына жиналады, сондықтан мұрын мен аузын орамалмен жауып, еденге жақындап немесе жату керек.
Өрт сөндірушілерді шақырмай, отпен өз бетінше күресу.