ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ

0

Төтенше жағдайлар саласының мамандары тарапынан  аудан тұрғындарына арналған «тілсіз жаудан» сақтану қағидалары туралы ескертулер үнемі жасалып жатқанына қарамастан, қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау себебінен кейбір азаматтар кенеттен туындаған өрт салдарынан  дүние-мүлкінен айырылып, баспанасыз қалып жатқанының да куәсі болып жүрміз.Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуші мамандардың айтуынша, тұрғын үйлердегі өрт оқиғаларының кейбірі электр жарығы және тұрмыстық электр жылытқыш қондырғыларының ақауынан болады. Олардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым қағидаларын ұсынды: ЭЛЕКТРДЕН болатын өрттердің негізгі себебі — ол қысқа тұйықталу — желінің шамадан тыс жүктелуі. Осындай жағдайлар болмау үшін — электр сымдарын дұрыс жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен болатын өрттердің алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде зауытта жасалған сақтандырғыштар болуы қажет. Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса «қорғанысы» істемейді және желі тоқтың астында қалады. Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулау тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт шығады. Сондықтан әрқашанда тек зауытта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электр сымда болуы мүмкін. Сондықтан ол дұрыс жағдайда болуы керек. Өрт электршамынан да болуы мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмауы үшін электр шамдары қағаз және мата абажурларға тимеуі қажет. Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды, сонымен қатар, перделер, ағаш қалқа және т.б оңай тұтанатын заттардың қасында оларды қосуға болмайды.

   Б.НОҒАЙБАЙ, Қордай ауданының №15 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.