Қазіргі уақытта өрт – тек өндіріс орындарында ғана емес, қарапайым үйлерде де жиі кездесетін қауіпті жағдайлардың бірі. Көп жағдайда өрттің шығу себебі – адамның салғырттығы мен қауіпсіздік ережелерін сақтамауы. Сондықтан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі – әрбір азамат үшін маңызды міндет!
Өрттің ең жиі себептері;
-Электр желілерінің ақауы немесе ескіруі
-Газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау
-Пеш пен жылыту құралдарын бақылаусыз қалдыру
-Шылымды толық сөндірмеу
Қауіпті қалай алдын аламыз:
Электр сымдарының жағдайын тұрақты қарау
Газды қолданғанда сақ болу
Үйден шығарда барлық құрылғыларды сөндіру
Балаларды қараусыз қалдырмау
Шылым шеккенде қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Қорытынды:
Өрт — тілсіз жау. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның міндеті!
А.КЕНЕТАЕВ, Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты