Электрден болатын өрттердің негізгі себебі – қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі. Оның алдын алу үшін электр сымдарын дұрыс жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен (бірнеше электрқондырғыларды бірден қосуға) болатын өрттердің алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде заводта жасалған сақтандырғыштар болу қажет.
Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (“жучок”) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса, “қорғанысы” істемейді және желі тоқтың астында қалады.
Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт басталады. Сондықтан әрқашанда тек заводта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электрсымда да болу мүмкін. Сондықтан ол жөн жағдайда болу керек.
Өрт электр шамынан да болуы мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электршамдар қағаз және мата абажурларға тимеу қажет.
Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға болмайды және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға болмайды, сонымен қатар перделер, ағаш қалқа және т.б. оңай жанғыш заттардың қасында қосуға болмайды.
Н.Әбделі, Қордай ауданы №15 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты