ТҰРМЫСТА ЭЛЕКТРДЕН БОЛАТЫН ӨРТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

0

Электрден болатын өрттердің негізгі себебі — ол қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі. Осындай болмау үшін электр сымдарын үнемі жақсы жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен (бірнеше электрқондырғыларды бірден қосуға) болатын өрттердің алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде заводта жасалған сақтандырғыштар болу қажет.
Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (жучок) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса, “қорғанысы” істемейді және желі тоқтың астында қалады.
Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт басталады. Сондықтан әрқашанда тек заводта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электрсымда да болу мүмкін. Сондықтан ол жақсын жағдайда болу керек.
Өрт электр шамынанда болу мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электршамдар қағаз және мата абажурларға тимеу қажет.
Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға, сонымен қатар перделер, ағаш қалқа және т.б. оңай жанғыш заттардың қасында қосуға болмайды.

Қ.ДҮЙСЕН, Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау

Leave A Reply

Your email address will not be published.