Тұрмыстық зорлық — зомбылық сонымен қатар отбасылық тұрмыстық зорлық — зомбылық немесе бір адамның екінші адамға жасаған қатыгез қарым — қатынасы, мысалы, үй жағдайында некеге немесе бірге тұру туралы сондай-ақ, қамтуы мүмкін балаларға қатысты зорлық — зомбылық, ата – аналардың немесе қарттардың арақатынасы.
Тұрмыстық зорлық — зомбылық жәбірленушіге билік пен бақылауды алуға бағытталған деп жиі айтылады. Тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу және болдырмау Қазакстанның отбасылық – демографиялық саясатының күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Өйткені, зорлық-зомбылық өткір әлеуметтік проблема ретінде жәбірленушілердің өздеріне әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге жалпы қоғамдық тұрақтылыққа және әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіреді. Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зорлық — зомбылықтың кез келген түрі әрбір сегізінші отбасында болады. Әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық — зомбылық болса, әрбір жетінші әйел – экономикалық, әрбір алтыншы әйел – физикалық, әрбір үшінші әйел – психологиялық зорлық — зомбылыққа тап болады. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда отбасындағы кемсіту мен қорқыту қалыпты жағдайға айналды, тұрмыстық зорлық — зомбылық қылмыстарына құлақ үйренді. Тұрмыстық зорлық — зомбылық ішкі және сыртқы факторлары болуы мүмкін. Ішкі факторларға: ішімдікке немесе есірткіге тәуелділік, психологиялық аурулар, шамадан тыс агрессивтілік және т.б. негізгі себептер жатады. Сырттан әсер ететін факторлар: өмір сүру деңгейінің төмендігі, тұрақты табыстың болмауы, білімнің төмендігі және т.б. Алайда материалдық проблемалардан басқа, адамның балалық шағында болған, әсіресе бала кезінде сол адамның отбасындағы үлкендердің зорлық — зомбылығына ұшыраған жағдайлардың әсерін де ескерген жөн.
Ж.Абдугожаева, «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы” КММ маманы