Тұзды мөлшерден көп тұтыну бірнеше аурудың асқынуына әкеліп соғуы мүмкін. Маңызды қоректік зат саналатын натрийді артық тұтыну кезінде жүрек ауруы, инсульт және мерзімінен бұрын өлім қаупі жоғарылайды. Ал натрийдің негізгі көзі – ас тұзы, бірақ ол натрий глутаматы сияқты басқа дәмдеуіштерде де кездеседі.
Тұзды көп тұтыну қан қысымының жоғарылауына әкеледі, инсульт, инфаркт, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан қатерлі ісігі қаупін арттырады. Тұзды тұтынуды азайту халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту үшін елдер қабылдауы мүмкін шығындар бойынша ең тиімді шаралардың бірі ретінде танылды. Ауруды кейін емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс. Тұзды тұтынуды азайту бойынша ұсыныстарды сақтау қажет. Ересек адам үшін күнделікті норма күніне 5 грамнан аспауы керек.
Айта кетерлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы натрийді тұтынуды азайту туралы алғашқы жаһандық есебін жариялаған болатын. Онда әлемнің 2025 жылға қарай натрийді тұтынуды 30%-ға азайту жөніндегі жаһандық мақсатына жетуден артта қалып отырғаны айтылған. Натрийді азайтудың экономикалық тиімді саясатын жүзеге асыру 2030 жылға қарай дүниежүзінде шамамен 7 млн адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Бұл – жұқпалы емес аурулардан болатын өлім жітімді азайту бойынша тұрақты даму мақсатына жету жөніндегі іс қимылдың маңызды құрамдас бөлігі.
Сондай-ақ әлем халқының тек 3%-ы натрийді міндетті түрде төмендету саясатымен қорғалған, ал ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің 73%-ы мұндай саясатты толық көлемде орындамай отыр. Натрийді азайтудың экономикалық тиімді саясатын жүзеге асыру 2030 жылға қарай дүниежүзінде шамамен 7 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Бұл жұқпалы емес аурулардан болатын өлім жітімді азайту бойынша тұрақты даму мақсатына жету жөніндегі іс қимылдың маңызды құрамдас бөлігі. Бірақ бүгінде тек тоғыз ел (Бразилия, Чили, Чехия, Литва, Малайзия, Мексика, Сауд Арабиясы, Испания және Уругвай) натрийді тұтынуды азайту үшін ұсынылған шаралардың кешенді пакетін әзірледі.
«Дұрыс тамақтанбау бүкіл әлемде өлім мен аурудың негізгі себебі болып табылады және натрийді шамадан тыс тұтыну негізгі себептердің бірі болып табылады”,-деді ДДҰ-ның Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейюс.
– Бұл есеп көптеген елдерде натрийді тұтынуды азайту үшін әлі де міндетті шаралар қабылданбағанын көрсетеді, оның нәтижесінде олардың тұрғындары инфаркт, инсульт және басқа да денсаулыққа байланысты қиындықтарға тап болады. ДДҰ барлық елдерді натрийді азайту үшін “Ең пайдалы сауда” енгізуге, ал өндірушілерді ДДҰ-ның азық-түлік құрамындағы натрий көрсеткіштерін пайдалануға шақырады.
Натрийді тұтынуды азайтудың кешенді тәсілі міндетті шараларды және жұқпалы емес аурулардың алдын алуға айтарлықтай ықпал ететін ДДҰ-ның натриймен байланысты ең тиімді төрт шарасын қабылдауды қамтиды. Оларға мыналар жатады:
- Тағамдардың құрамын тұздылығы төмен етіп өзгерту және тағам өнімі мен тағамдардағы натрий құрамының мақсатты көрсеткіштерін белгілеу;
- Ауруханалар, мектептер, жұмыс орындары және қарттар үйлері сияқты мемлекеттік мекемелерде тұзды немесе натрийге бай тағамдарды шектеу үшін мемлекеттік азық-түлік сатып алу саясатын әзірлеу;
- Тұтынушыларға натрийі төмен тағамдарды таңдауға көмектесу үшін қаптаманың алдыңғы жағына таңбалау;
- Мінез-құлықты өзгерту бойынша коммуникациялар және тұзды/натрийді тұтынуды азайту бойынша БАҚ-та науқан.
Елдерге ДДҰ-ның натрий мөлшері бойынша Жаһандық бақылау көрсеткіштеріне сәйкес өңделген тағамдардағы натрий құрамының мақсатты көрсеткіштерін белгілеу және осы саясаттар арқылы олардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылады.
Натрийді азайтудың міндетті шаралары тиімдірек, өйткені олар азық-түлік өндірушілері үшін тең жағдайларды қамтамасыз ете отырып, кеңірек қамтуды қамтамасыз етеді және коммерциялық мүдделерден қорғайды. Есеп шеңберінде ДДҰ-ға мүше мемлекеттер үшін натрийді азайту саясатының түрі мен санына негізделген елдің натрийді бағалау картасын әзірледі.
Қазақстанда тамақтану ортасына, халықтың ас үлгісі мен нутритивтік мәртебесіне арналған зерттеулер жүргізілді. Халықтың тұзды тұтынуы тәулігіне 17,8 г құрады, бұл ДДҰ ұсынған нормадан төрт есе көп. Қазақстанда жарнамаланатын тамақ өнімдері мен сусындардың көпшілігі (72,3%) ДДҰ әзірлеген қоректік заттар бейінінің моделіне сәйкес балаларға бағытталған маркетингке жіберілмейді.
“Дені сау ұлт” 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде ағымдағы жылы жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында олардың құрамына сәйкес тамақ өнімдерін саралау үшін ұлттық қоректік заттардың бейіні, тамақ өнімдері мен дайын тамақ өнімдеріндегі тұздың құрамы бойынша ұлттық ұсыныстар әзірленді, халық арасында тұзды тұтынуды азайту бойынша коммуникациялық науқан жүргізілді. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп осы жұмысқа өнеркәсіптік кәсіпорындарды тарту бойынша шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылға тамақ өнімдерін түсті таңбалауды әзірлеу және енгізу жоспарланған. ДДҰ-ға мүше мемлекеттерді натрийді тұтынуды азайту саясатын кідіріссіз жүргізуге және тұзды шамадан тыс тұтынудың зиянды әсерін азайтуға шақырады. ДДҰ сонымен қатар азық-түлік өндірушілерін тағамдардағы натрийдің мөлшерін азайту үшін өршіл мақсаттар қоюға шақырады.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі