Тәрбие мен білім үшін мың алғыс

0

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Ал білімді, тәрбиелі және жан-жақты қабілетті ұрпақ — ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Осындай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемесі – ауданымыздың орталығында орналасқан «Керімбала» балабақшасы.
Ауданымыздың Құрметті азаматшасы Байбекова Фатима Жұмаділқызы бастаған ұжым — жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қазіргі заман талабына сай қызмет атқарып келеді.
Ауданымыздағы балабақшалардың алды болып, жүйелі түрде ұйымдастырылған жоғары сапалы қызмет үшін құрылтайшы Фатима Жұмаділқызы және балабақша әкімшілігіне алғысымыз шексіз. Айгүл Елтайқызы бізбен үнемі тығыз байланыста болып, кез-келген жағдайда жауапкершілік пен жанашырлық таныта білгені үшін ризамыз.
Біздің балаларымыз осы балабақшада тәрбиеленіп, 2021-2022 оқу жылын мектепалды даярлық тобында бітіріп шықты. Жыл бойы өткізілген жұмыстар біздің көңілімізден толық шықты. Логопед, психолог, музыкант, хоеограф, тағы басқа мамандар балалармен аянбай еңбек етті. Әр мереке назардан тыс қалмай, есте қаларлықтай жоғары деңгейде аталып өтті. Соның арқасында балаларымыз жан-жақты дамып, жақсы көрсеткіштер көрсете білді. Оның дәлелі балаларымыз еш қиындықсыз гимназия сыныптарына қабылданды. Сол үшін білім нәрімен сусындатқан Маржан Убайдуллақызына да алғысымызды білдіреміз.
Бізбен, яғни ата-аналармен жайлы қарым-қатынас орнатып, балаларымыздың дамуы мен тәрбие жолындағы үлкен еңбегі үшін тобымыздың тәрбиешісі Айым Ерболқызына алғысымыз шексіз. Бар күш-жігерін аямай, балалардың әр күнін қуаныш пен қызыққа толтыра білді. Әр баланың еркелігін көтеріп, балалық шақтың ғажайып әлемін сезіндіре алғаны үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Балаларымыз күннің көп бөлігін балабақшада өткізетініне қарамастан, біз олардың «сенімді» қолда екеніне сенімді болдық.
Құрметті балабақша ұжымы! Балаларымызға сыйлаған әрбір қуанышты сәттер үшін, шыдамдылық пен түсіністік, сүйіспеншілік пен жауапкершілік танытқандарыңыз үшін, мейірімділік пен жүректеріңіздің жылулығы үшін, тамаша тәрбие мен берген білімдеріңіз үшін сіздерге мың алғыс!
«Керімбала» балабақшасының жалғасы болған «AVANGARD» мектебі де атына заты сай, ең мықтылардың қатарынан болатынына сеніміміз мол. Фатима Байбековаа бастаған әрбір іс оңынан болып, көпшіліктің көңілінен шығатыны сөзсіз. Әрбір бастамаларыңызға сәттілік серік болсын! Ел ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жолындағы ерен еңбектеріңіз жемісті де жеңісті болсын!

«Қарлығаш» тобының ата-аналары

Leave A Reply

Your email address will not be published.