Жастар – қоғамның қозғаушы күші, тәуелсіз еліміздің ертеңі. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жаңа Қазақстанды» құру ісінде өскелең ұрпақ, бұла күшті жастар айрықша орын алады. Жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға, қолдау мен қолпаштауға, тура бағыт-бағдар беруге арналған «12 тамыз – халықаралық жастар күні» ауданымызда ерекше аталып өтті.
«Тәуелсіз елдің жастары» атты мерекелік шара орталық саябақта ұйымдастырылды. Бұл іске қордайлық белсенді жастар бел шеше кірісті.
Шара барысында жастар түрлі музыкалық нөмірлер мен қойылымдарды қамтитын қызықты концерттік бағдарлама дайындап, дарынды жігіттер мен қыздар өз өнерлері мен шығармашылықтарын ортаға салып, жиналған қауымды шат-шадыман күйге бөледі.
Шара барысында арнайы лотерея ойындары ойнатылып, көңілді дискотека қуанышты көңілмен жалғасты. Мерекелік іс-шарада ауданның белсенді жастары аудан әкімінің атынан Алғыс хат алды. Ол қордайлық жастардың қоғамның дамуы мен мәдени өміріне белсене жұмсаған еңбегі мен күш-жігерінің лайықты бағасы деп ұғындық.
Кеш соңында кереметтей отшашу түнгі аспанды жарқыратып, мерекелік көңіл-күйді әсірелей түскендей болды.
А.КҮЛКІБАЙ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы