ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАН, АРДАҚТЫ ӘКЕ

0

Баршаға белгілі, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Слесарь, электрик, дәнекерлеуші, механик, құрылысшы немесе инженер сияқты мамандықтарды танымал ету қоғамда оларға деген көзқарасты өзгертуге көмектеседі. Кез-келген жұмыстың өз ерекшеліктері және өз ісіне берілген әрбір адамның қоғамда өзіндік

орны бар. 

 

Мәселен, Владимир Посполит есімді жерлесіміз 80-жылдардың соңынан бастап аудандық газ торабында қызмет етеді. Ол кезде ауданымызда «көгілдір отын» болмағандықтан, маман бірнеше жыл газ баллондарын тасушы болып жұмыс істеді.

Қордай ауылының тумасы Владимир Иванович жалпы еңбек өтілі 30 жылдан асатын газ саласының тәжірибелі маманы. Ол еңбеккер отбасында дүниеге келген: әкесі Иван Федорович бүкіл өмірін СПМК-407-де токарь болып жұмыс істеуге арнады, ал анасы Ольга Григорьевна колхоз балабақшасында күтуші болды. Сыңары-бауыры Анатолий де бір кездері «Райгазда» дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Кейіпкеріміз 1982 жылы әскерге шақырылып, ағасымен бірге Екатеринбург қаласында зымыран әскерлері қатарында қызмет еткен. Әскерден кейін Владимир Иванович Украинаға барып, онда ол СПТУ-70-ті «Жер асты электр слесарі» мамандығы бойынша бітіріп, орта арнаулы білім алды. Онда шахтада бір жыл жұмыс істеп, 1985 жылы туған елге оралды. Бір жылдан кейін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Владимировнаға үйленіп, екі ұл тәрбиелеуде.

2004 жылдан бастап Владимир Иванович жерасты газ құбырын коррозиядан электрохимиялық қорғаумен айналысады. Бір жыл бұрын апаттық-қалпына келтіру слесарі қызметіне ауыстырылды. Газ шаруашылығындағы апаттық-құтқару жұмыстары жөніндегі слесарь – әртүрлі жұмыстарды орындайтын жұмысшы. Оның міндеттеріне диаметрі 500 мм-ден жоғары төмен және орташа қысымды және диаметрі 500 мм қоса алғанда жоғары қысымды қолданыстағы газ құбырларында апаттық жөндеу жұмыстарын орындау, газдың апатты ағу аймақтарын локализациялау, газ құбырларына нығыздау, арматуралық, аспалы муфталар мен таңғыштарды орнату тәрізді жұмыстар кіреді.

Газ саласындағы жұмыс барысында Владимир Посполит құнды тәжірибе жинақтап, өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Ол өзінің жауапкершілігімен, ұқыптылығымен және күрделі техникалық мәселелерді шеше білуімен танымал.

Сондай-ақ, салаға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Кәсіпорын басшылығы мен мемлекеттік органдардың грамоталары мен алғыс хаттары бар. Жуырда аудан басшысы алғыс ретінде естелік сыйлық тарту етіп, газ инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

Оның еңбекқорлығын, кәсіби біліктілігін және жауапкершілігін компания басшылығы да, әріптестері де жоғары бағалайды. Владимир Посполит өз жұмысына берілгендіктің үлгісі болып табылатыны рас.

Leave A Reply

Your email address will not be published.