ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ШҰҒЫЛ ӘРЕКЕТ

4 МАУСЫМ КҮНІ ҚОРДАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА «ЖЕР-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫН БОЛУ ҚАЗІРГІ ТАҢДА АЛҒЫШАРТТАРДЫҢ БІРІ САНАЛАДЫ. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ ӘРДАЙЫМ ПЫСЫҚТАП ОТЫРУ НЕГІЗГІ ТАЛАП.

0

Осыған байланысты оқу-жаттығу барысында ауданның шұғыл әрекет ету жасағының күштері мен кұралдары тексеріліп, дайындыққа келтіру бойынша ұсынымдар берілді. Барлық шұғыл әрекет ету жасақтары осы күні «Балауса» сауықтыру лагері аумағында сап түзеп, дайындық шаралары турасында есеп берді.

Нақты төтенше жағдай орын алғанда әрекет ету барысын пысықтау мақсатында  Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектебінде жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер туралы оқу-жаттығу өтті. Жер сілкінісі кезінде ғимараттан адамдары эвакуациялау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, газ, электр, басқа да коммуналдық қызметтерді ажырату және өзге де апатты жағдайда қолға алу қажет шаралар іске асырылып, жасақтар өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.