ТАҢДАУ ЖАСАЛДЫ!

0

2021 жылғы 25 шілдеде Қордай ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін үш сайлау округі бойынша сайлау өтті. Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады: Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 22723 азамат енгізілді, оның ішінде 21318.адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 587, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған — 140. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Н.С. Айтымбетов – 1004; Б.О. Сахатов – 17758; Д. Р. Узакбаев-1829. Қордай ауылдық округінің әкімі болып Сахатов Бакыт Онласынович сайланды, 1981 жылы туған, Қордай ауылдық округінің әкімі, Қордай ауылдық округінің Қордай ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3352 азамат енгізілді, оның 3098 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 84, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған — 41. «Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Жолдасбаев Қ.Р. – 2416; Шуйшибекова И. Т. – 557. Степной ауылдық округінің әкімі болып Джолдасбаев Кайрат Рахымович сайланды, 1964 жылы туған, «Карбоз» шаруа қожалығының басшысы, Степной ауылдық округінің Арал ауылында тұрады, «ADAL» партиясы ұсынған. Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 667 азамат енгізілді, олардың 567 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған — 9. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Байсал Н.А. – 427; Жолаушыбаева Ж.Д. – 104; Қойшыбай Е. К. — 13. Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып Байсал Нұрлан Айдарұлы сайланды, 1992 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округінің бас маманы, Сұлутөр ауылдық округінің Сұлутөр ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Қордай ауданының ауыл, ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді. Қордай аудандық сайлау комиссиясы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.