ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 302 ө-ж/қ өкімімен Елемесова Кулжахан Алмасовна Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

ЕЛЕМЕСОВА КУЛЖАХАН АЛМАСОВНА 1965 жылы 6 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі–жоғары.
1987 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «электронды есептеу машина» мамандығы бойынша, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл (Тараз) қаласында тері комбинатының инженер-электрик қызметінен бастаған.
1989-1991 жылдары «Алмалы» совхозында бригадирдің көмекшісі, 1991-1993 жылдары «Алмалы» совхозында қойма жұмысшысы, 1993-1995 жылдары «Алмалы» совхозында есепші, 1997-2002 «Арал» шаруа қожалығында бақша жұмысшысы, 2002 жылдың маусым айынан 2018 жылдың қыркүйегі аралығында Қарасай ауылдық клубының меңгерушісі, 2018 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың тамызы аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Қордай ауданы әкімінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №303 ө-ж/қ өкімімен Биримкулов Айдар Бекмуханбетович Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

БИРИМКУЛОВ АЙДАР БЕКМУХАНБЕТОВИЧ 1987 жылы 2 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі–жоғары.
2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «биология және экология» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері қызметінен бастаған.
2012 жылы Қасық ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы, 2012-2013 жылдары Қасық ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, 2013-2017 жылдары аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2017жылдың маусым айынан 2018 жылдың қыркүйегі аралығында Қордай ауданы әкімінің бас инспекторы, 2018 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың тамызы аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.