Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 01 қыркүйектегі 96 ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып Қарабаев Мадияр Бақытбекұлы тағайындалды.
Қарабаев Мадияр Бақытбекұлы 1994 жылы дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі-жоғары. 2016 жылы Шымкент Университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2017-2019 жылдары «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі ретінде бастады.
2019-2022 жылдары «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» аудандық қоғамдық-саяси газетінің бөлім басшысы, 2022-2023 жылдары Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында педагог – ұйымдастырушы болып қызмет атқарған.
Қордай аудандық мәслихатының VII – VIII шақырылымының депутаты.
Үйленген, 1 бала тәрбиелеуде.