Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.
О.Бектенов бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысы қызметін атқарды. «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.