Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің тікелей бастамасымен өңірдің денсаулық сақтау саласындағы басқарушы кадрлары резервін құру мақсатында «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында облыстық байқаудың қорытындысымен жеңімпаз болып танылған Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Байбеков Айдын Оскарұлы Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.
Ол, 1987 жылы дүниеге келген.
2010 жылы Қырғыз ұлттық медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
2018 жылы Қайнар құқықтану академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2010 жылы Қырғыз ұлттық медицина академиясында дәрігер ординатор қызметінен бастады;
2012-2015 жылдары Жамбыл облысы бойынша қылмыстық аткару жүйесі департаментінің медицина бөлімінің терапевт дәрігері;
2015-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша қылмыстық аткару жүйесі департаментінің (Тергеу изоляторының) медицина бөлімінің бастығы;
2018-2019 жылдары Қордай аудандық пробация қызметінің аға инспекторы;
2019-2020 жылдары Қордай аудандық орталық ауруханасының Бетқайнар дәрігерлік амбулаториясының терапевт дәрігері;
2020-2021 жылдары Қордай аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімінің жедел жәрдем қызметінің дәрігері;
2021-2022 жылдары Қордай аудандық орталық ауруханасың емхана меңгерушісі;
2022- 2023 жылдары Қордай аудандық орталық ауруханасының Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі басшысы;
2023 жылдың 16 қазанынан бастап Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық сұрақтар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылғы қаңтар айынан бастап бас дәрігердің міндетін қоса атқарып келген.