Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы міндетін атқарушысының №69 бұйрығымен Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Исраилова Айқаныш Болатбекқызы тағайындалды.
Исраилова Айқаныш Болатбекқызы 1988 жылы 31 тамызда Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2003-2006 жж. Қордай ауылындағы «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы Алматы қаласындағы Экономика және заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2006-2010 жылдары Қордай ауданының полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторының қоғамдық тәртіпті қорғау көмекшісі болып бастаған.
2017 жылы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қақпатас ауылы бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы қызметін атқарған.
2021 жылы жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы болып тағайындалған.
2024 жылдан бастап «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.
Тұрмыста, 2 бала тәрбиелеуде.