ТАҒАЙЫНДАУ

0

2025 жылғы 3 наурызда Қордай ауданы әкімінің №11 ө-ж/қ өкімімен Фушанло Рустам Юнусович Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Фушанло Рустам Юнусович 1986 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты – дүнген.

Білімі – жоғары. 2008 жылы Қырғызстан Республикасы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2013 жылы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде маман ретінде бастаған.

2016-2017 жылдары Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.

2017-2019 жылдары бас маман, 2019-2021 жылдары әкімнің орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сортөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.